Түркі елдерінің күшейіп, бірлігінің артқаны маңызды – бас консул

21 Сәуір 2022, 14:27
1391
Бөлісу:
Түркі елдерінің күшейіп, бірлігінің артқаны маңызды – бас консул
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Түркияның Қазақстандағы бас консулы Али Рыза Акынжы Алматыда БАҚ өкілдерімен кездесу барысында түркі елдері қазір дамуға, халқын батытты етуге күш салса алар асуы көп болатынын жеткізді.

Дәл қазір тәуелсіздік алған алты түркі мемлекеті бар. Біздің қалайтынымыз осы алты ел бірдей күшті болсын, бай болсын. Қауіпсіздігін қамтамасыз етсін. Халқы бақытты болсын. Сосын барып бір-бірімізбен серіктестік орнатайық. Қазақстан мен Түркия арасында жоспарланып отырған 10 млрд долларлық сауда айналымы 50 млрд-қа дейін жетсін. Сіз жақсы білген нәрсеңізді біге үйретіңіз, біз өз білетінмізді сіздерге үйретейік. Одан бөлек түркі еліне жатпайтын мемлекеттермен де жақсы қарым-қатынаста болайық,-деді ол.

Сонымен қатар ол түркі елдері барған жеріне ауыртпалық пен соғысты емес, жақсылық пен байлықты апаратын елге айналуы керек деген ойын айтты.

Әлемде қазір, соғыс, түрлі ауыртпалық болып жатыр. Бірақ түркінің ұрпақтары қай жаққа барсақ та жақсылықты апарайық. Сонда ғана көңіліміздің қалағаны орындалады. Алыстағы армандарды отырып алып қиялдаған жақсы, бірақ дәл қазір қолымыздан не келеді соны жасай білуіміз қажет. Жапонияда әрбір жұмыскер жұмыс күнінің бір сағатын еліне деп тегін арнайды екен. Егер Қазақстанның әрбір азаматы елім дамысын деп үш сағат артық жұмыс істесе, ел үлкен нәтижеге жетеді. Үлкен арманға қол созбас бұрын шағын істерді атқара білейік. Сонда біздің арман, тілектеріміз өздігінен орындалады,-деді Али Рыза Акынжы.
 

Өзгелердің жаңалығы