Туризм жылы: Қазақстан Қытайға мәдениетімізді қалай таныстырды

4 Сәуір 2024, 20:51
574
Бөлісу:
Туризм жылы: Қазақстан Қытайға мәдениетімізді қалай таныстырды
Фото: Онлайн халық газеті

Жақында Бейжіңде "Қытайдағы Қазақстан туризм жылының" ашылуы өтіп, бірқатар іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Онлайн халық газетінің мәлімдеуінше, қазақ мәдениетін және Қазақстанның әр өңірінің өзіндік ерекшелігін айқындайтын түрлі көрмелер ұйымдастырылған. Ұлттық үлгідегі киім, қазақтың дәстүрлі тағамдары, қолөнер мәдениеті, ұлттық өнімдер қонақтарды таңғалдырды.

Биылғы туристік жылдың ашылу салтанатында Қазақстанның Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры мен Ұлытау тобы сияқты танымал қазақстандық өнер майталмандары бірлесіп өнер көрсетті. Концертте Қытай мен Қазақстанның халық әндері, қазақтың халық билері, музыкасы, хоры және т.б. орындалды. Бағдарламалар Қытай мен Қазақстанның ұлттық музыкасының ерекшеліктерін біріктіріп, Қытай мен Қазақстанның мәдени алмасуын әр қырынан көрсетті.

Туризм жылында Қытай мен Қазақстан жыл бойына бірқатар қызықты іс-шараны, концерттік қойылымдар мен туристік форумдарды өткізеді.

Онлайн халық газеті туризм жылының ресми ашылуынан видео ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы