Туризм және спорт министрі болып тағайындалған Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында ант қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстан халқы мен Президенті алдында өз Отаным – Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін, - деді Ербол Мырзабосынов.
Айта кетейік, бұған дейін бұл министрлікті Ермек Маржықпаев басқарып келген болатын.
Өткен аптада ғана Маржықпаев елордада Парижде өткен жазғы олимпиада ойындарының нәтижесі бойынша кеңейтілген алқа отырысын өткізді. Шара барысында сол кездегі министр спортқа жауапты мамандарға ескерту жасаған еді.