Қазақстан мен Ресей туризм саласының мамандары бірыңғай нарық ашу мәселесін талқылады

5 Сәуір 2019, 17:05
2525
Бөлісу:
Қазақстан мен Ресей туризм саласының мамандары бірыңғай нарық ашу мәселесін талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы «Туристік-Қамқор» КҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Мәскеуде MITT-2019 халықаралық туристік көрмесі аясында «Туристік Қамқор» корпоративтік қорының төрағасы - Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын кепілдендіру жүйесінің әкімшісі - Инна Рей Ресей «Турпомощь» Ассоциациясының (шығу туризмі саласындағы туроператорлардың бірлестігі) басшысы Александр Осауленкомен кездесті. 

Тараптар 2018 жылғы наурызда қол қойылған өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум аясындағы өзара іс-қимыл барысын талқылады.

Кездесуде тараптар халықаралық қатынастар саласында туристік саланы дамыту, туристік өнімді түпкі тұтынушының мүдделерін қорғау деңгейін арттыру мақсатында одан әрі өзара іс-қимыл жасау ниетін растай отырып, туристік кәсіпкерлікті дамыту саласында өзара қызығушылық тудыратын өз істерімен, ақпаратпен алмасты.

Сонымен қатар, 2019 жылғы 1 желтоқсаннан бастап күшіне енетін Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) туризм саласында бірыңғай нарық ашу туралы шешімі талқыланды. 

Тараптар бір-бірінің аумағында орналасқан туристердің құқықтары мен мүдделерін барынша толыққанды қамтамасыз ету мақсатын көздейтін қосымша келісімдер әзірлеуге келісті. 

Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі 2016 жылдан бастап жұмыс істейді және Қазақстан Республикасының азаматтары, турагенттер, туроператорлар, туроператорлар-жалдаушылар, жүйе әкімшісі және туристік қызмет саласындағы уәкілетті орган арасындағы құқықтық қатынастардың жиынтығын білдіреді.

2017 жылдан бастап қазақстандық туристерге шетелге ТУРКОДпен демалысқа шығу ұсынылды. Арнайы құрылған «Туристік Қамқор» КҚ шетелде аяқасты күтпеген жағдайларға тап болған туристерге отанына оралуға көмек көрсету мақсатында құрылған. Бірінші кезекте бұл теріс пиғылды турфирмалардың қызметіне байланысты зардап шеккендерге қатысты. Осылайша, қолында ТУРКОД болған жағдайда Қазақстаннан келген туристер шұғыл жағдайда кепілді қолдауға ие болады.

ТУРКОД дегеніміз не? ТУРКОД 11-13 (шығу еліне байланысты) әріптік-сандық символдардан тұрады. Ол әр жолдаманы ресімдеу кезінде автоматты түрде беріледі. Бұл шифр әрбір турист үшін бірегей. Шұғыл жағдай туындаған кезде турист қормен байланысады, өз туркодының нөмірін хабарлайды және жақын арадағы 24 сағатта шұғыл көмек көрсетуді күтеді.
Өзгелердің жаңалығы