Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Туристік елдің жағалауында жойқын жер сілкінісі болды

29 Шілде 2025, 04:12
1473
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Индонезия жағалауында Никобар аралдарында 6,5 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабарлады, – деп хабарлайды ТАСС.

Оған сәйкес, жер сілкінісінің ошағы шамамен 250 мың адам тұратын Банда-Ачех қаласынан солтүстік-батысқа қарай 282 шақырым жерде болған. Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқан. Құрбандар мен қираулар туралы мәлімет жоқ. Цунами қаупі жарияланған жоқ.

Өзгелердің жаңалығы