Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматының географиялық орналасуының арқасында, қазір тұрғындар саяхатқа, атап айтқанда, Қытайдан, Үндістаннан, Ресейден туристерді тартуға үлкен мүмкіндігі бар.
Бұл туралы Қазақстандағы McKinsey басқарушы серіктесі Йохан Бербнер Алматыда өтіп жатқан Инвест форум кезінде айтты.
Сонымен қатар, ол Қазақстанда саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданғанын айтып өтті.
Ең бастысы – осы стратегияны айқын және дәйекті ұстану және белгіленген жоспарларды орындау бар, - дейді ол.
Форумға БАӘ, Жапония, АҚШ, Катар, Сауд Арабиясы, Түркия, Ұлыбритания, Ресей, Қытай, Корея, Австрия, Германия және тағы басқа елдерден бизнес қауымдастықтар қатысуда. Сонымен қатар, Қазақстандағы халықаралық компаниялардың өкілдері де бар.
Оның ішінде ЕҚДБ, ЕУРОБАК, АДБ, Дүниежүзілік банк, Қазақстандағы Қытай банкі, MUFG Bank, Tengri Bank, Al Hilal Bank, Mitsubishi, EY, PwC, KPMG, Samsung, Nokia, Sun Pharma, BASF C. a., Philip Morris International, CNPC, Chevron.
Форумда жалпы сомасы $2,3 млрд болатын мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастықтар арасындағы ынтымақтастық пен өзара түсіністік туралы 31 келісім мен меморандумға қол қойылады деп күтілуде. Соның ішінде Алматы әкімдігі мен Астана "Халықаралық қаржы орталығы" арасында ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша ынтымақтастық пен консультациялар туралы меморандумға қол қойылады деп жоспарланып отыр.