Камчаткада Вилючинск жанартауының баурайында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Газета.ru таратқан ақпаратқа сәйкес, жанартау шыңына көтерілуге тырысқан үш альпинистің екеуі қаза тауып, бірі ауыр жарақат алған.
Белгілі болғандай, Вилючинск жанартауына шығуға 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап жартастардың опырылу қаупіне байланысты тыйым салынған, бұл аймақта төтенше жағдай режимі енгізілген. Алайда бұл шектеу экстремалдарды тоқтата алмады.
Қайғылы оқиға кезінде топта үш адам болған. Бір қыз аман қалып, қазір оны құтқарушылар зембілмен төменге түсіріп жатыр. Туристер өздерінің жоспарланған көтерілуі туралы төтенше жағдайлар қызметін ескертпеген және бағыттарын келісіп алмаған.
Оқиға орнында ауа райы қолайсыз болғандықтан, құтқарушылар зардап шеккендерге бірден жете алмаған. Аймақта қатты жел соғып тұрғаны белгілі болды.
БАҚ мәліметінше, құлаған альпинистер қол және аяқ сүйектерін сындырған, олардың бірі жарақат алғанына қарамастан көмек шақыруға үлгерген.
Вилючинск жанартауы сөнген жанартау болып саналады. Ол Петропавл-Камчатский қаласынан шамамен 50 шақырымдай жерде орналасқан, биіктігі – 2 173 метр.
Қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан құтқару операциясына 40-тан астам адам жұмылдырылған.
Қайтыс болған туристпен бірге құлаған қыз ауыр халде жатыр. Оның қасында қазір төрт құтқарушы бар, - деп мәлімдеді Камчатка төтенше жағдайлар қызметі.