Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының «Апат және төтенше жағдайлар менеджменті, гуманитарлық көмек» атты кезектен тыс саммитінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қиын сәтте халықаралық қауымдастықтың түрік халқына қолдау көрсетуі Реджеп бейдің жоғары беделі мен еліне жасап жатқан риясыз қызметінің нәтижесі деп санаймын. Биыл Түркия Республикасына 100 жыл толады. Бұл – үлкен тарихи меже. Түркия қысқа мерзімнің ішінде қуатты, ықпалды мемлекетке айналды. Оның халықаралық ықпалы және беделі, расында, өте күшті. Осы жерде Режеп Тайип Ердоғанның еңбегі және үлесі айқын. Оны бүкіл әлем мойындап жатыр. Осы ретте, қадірменді Реджеп Тайип Ердоған мырзаға алдағы Президент және Парламент сайлауында сәттілік тілеймін,- деді Президент.
Сондай-ақ ол Түрік жұрты Түркия Президентіне барынша қолдау көрсететініне сенімді екенін айтып өтті.
Баршаңызды келе жатқан Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Тұтас түркі жұртына ортақ Әз-Наурыз бәрімізге бақ-береке әкелсін! Сонымен қатар, Наурызбен тұспа-тұс келетін он екі айдың сұлтаны – қасиетті Рамазанның басталуына орай ізгі тілектерімді қабыл алыңыздар,- деді Президент.