Түрік шайының сыры неде?

20 Ақпан 2020, 21:44
4946
Бөлісу:
Түрік шайының сыры неде?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда орналасқан Юнус Эмре түрік мәдениет орталығы түрік шайына қатысты бірқатар қызықты дерек ұсынды.  

Түріктің хош иісті шайы тропикалық аймақтарда өспейтін әлемдегі жалғыз шай түрі болуымен ерекшеленеді.

Түрік шайының гастрономияда алатын ерекше орнына байланысты түрік тілінде өте көп тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдер пайда болған. Қазақ тіліндегі әбден демделген қызыл күрең шайға түрікшеде "қоян қаны түстес шай" дейді, - деп айтылған баспасөз хабарламасында.  

Адамзат баласы 5000 жылдан бері қолданып келе жатқан шайдың түріктер арасында тарала басталуына қатысты мынандай әпсана бар.  

Қожа Ахмет Ясауи бір күн Қытайдың бір ауылына барып, түркмен отауына қонақ болады. Қонақ болып түскен үйдің әйелі толғатып жатыр екен. Қожайын Қожа Ахмет Ясауиден бата сұрайды, Қожа батасын береді. Толғатқан әйел аман-есен қол-аяғын бауырына алады. Бұған қатты қуанған үй иесі түркмен Қожа Ахмет Ясауиге шай ұсынады. Қапырық ауадан қатты шөлдеген Қожа Ахмет Ясауи шай ішіп, шөлін қандырады да "бұл өте шипалы сусын екен. Науқастарға осы сусынды беріңдер, шипа болсын" деп бата қайырады. Шай осыдан бастап түркі халықтарының арасында кең тарала бастапты деседі, - делінген ақпаратта.  

Бір қызығы, шай Анадолыға 16 ғасырдан бастап Қытайдан Жібек жолы арқылы тарала бастаған.  

Сонымен қатар, түрік шайы ол тропикалық аймақтарда өспейтін әлемдегі жалғыз шай түрі болуымен ерекшеленеді. Түркияда шай негізінен Ризе мен Трабзон облыстарында өседі.

Айта кетсек, елордадағы Юнус Эмре түрік мәдениет орталығы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен 28 ақпан күні "Келіңіз, бірге шай ішейік!" атты түрік шайын таныту шарасын өткізеді. 

WhatsApp Image 2020-02-20 at 17.42.03.jpeg

Шай - адамдар арасындағы әңгіменің көрігін қыздырып қарым-қатынасты өрбітуге септігін тигізетін дәнекер. Бұл орайда Түрік мәдениет орталығы сіздерді түрік шайын ішуге, симит, түрік ірімшігінің дәмін татуға шақырады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы