Түрік актері Бурак Өзчивит Қазақстанға келе жатыр

Түркияның әйгілі актері Бурак Өзчивит қазақстандық көрермендеріне жағымды жаңалығын жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Instagram/burakozcivit 21 Ақпан 2025 2025, 00:20
21 Ақпан 2025 2025, 00:20
1186
Фото: Instagram/burakozcivit

Түркияның әйгілі актері Бурак Өзчивит қазақстандық көрермендеріне жағымды жаңалығын жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түрік киножұлдызы Наурыз мерекесінде Алматы қаласында болатынын мәлімдеді.

Бұл туралы Бурак Өзчивит әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды. Жазбадан талайлардың жүрегін жаулаған әртістің Алматы арена стадионында өтетін кештің қонағы болатыны айтылған.

Әлемдік деңгейдегі жұлдыз Бурак Өзчивит – Алматыда! Түрік сериалдарының саудтрек әндерін тыңдаңыздар, - делінген актердің парақшасында жарияланған видеода.

Еске салайық, бұған дейін Қайрат Нұртастың жұбайы оқырмандарынан көмек сұраған болатын.

Наверх