Тұрғындар үшін ешқандай қауіп-қатер жоқ – Қасымбек

6 Шілде 2021, 11:52
2578
Бөлісу:
Тұрғындар үшін ешқандай қауіп-қатер жоқ – Қасымбек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек  Ұлытау ауданындағы Пионер ауылына барды. Бұл туралы өңір басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Сағат 08:30-да Ұлытау ауданының Пионер ауылына келдім. Ауылдан 10 шақырым жерде 700 метрге жуық шағын өрт ошағын сөндіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Тұрғындар үшін ешқандай қауіп-қатер жоқ, - деп жазды облыс басшысы.

Аталған ауылда ТЖ жою бойынша штаб құрылды. 

Мұнда тәулік бойы 89 адамнан тұратын құтқару бөлімшелері, жергілікті тұрғындар арасынан 103 ерікті және өртке қарсы ерікті негіздегі құрылымдардың 43 мүшесі жұмыс істеуде. Жағдай бақылауда, - деп жазды Қасымбек.
Өзгелердің жаңалығы