Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тұрғындар тегін медициналық тексерістен өте алады

29 Қазан 2025, 15:20
914
Бөлісу:
 автордан
PHOTO
Фото: автордан

Астаналықтар тегін медициналық тексерістен өте алады. Дүниежүзілік инсультпен күрес күні аясында елордадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында Ашық есік күні өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Іс-шараның басты мақсаты – халық арасында инсульттің алдын алу, қауіп факторлары және ауруларды ерте анықтаудың маңыздылығы туралы ақпаратты кеңінен тарату.

Тұрғындар тегін медициналық тексерістен өте алады

Іс-шара Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен және Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының қатысуымен ұйымдастырылып отыр.

Бағдарлама аясында:

  • тегін жедел диагностика жүргізіледі;
  • қан қысымы, холестерин мен қандағы қант деңгейі өлшенеді;
  • невропатолог, терапевт, кардиолог және салауатты өмір салты мамандарының кеңестері беріледі;
  • тұрғындарға инсульттің қауіп факторлары туралы ақпараттық материалдар таратылады.
Тұрғындар тегін медициналық тексерістен өте алады

Қазіргі кезде инсульт дерті едәуір «жасарып» барады. Бұл ең алдымен адамдардың аз қимылдауымен және профилактикалық тексерулерге немқұрайлы қарауымен байланысты. Көптеген науқастар жыл сайын өтуі тиіс жоспарлы медициналық қаралудан өтпей, дерттің алдын алу мүмкіндігін жіберіп алады, - деп түсіндірді Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы жанындағы республикалық инсульт мәселелері жөніндегі үйлестіру орталығының басшысының міндетін атқарушы Жанел Бәкірова.

Тұрғындар тегін медициналық тексерістен өте алады

Инсультпен күрес қызметінің жұмысын Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы жанындағы Инсульт проблемалары жөніндегі республикалық үйлестіру орталығы үйлестіреді. 

Тұрғындар тегін медициналық тексерістен өте алады

Бұл орталық еліміздегі 85 инсульт орталығына әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсетеді. Оның құрамында 32 III деңгейлі, 30 II деңгейлі инсульт орталықтары мен 23 инсульт төсегі бар медициналық ұйымдар бар.

Тұрғындар тегін медициналық тексерістен өте алады
Өзгелердің жаңалығы