Тұрғындар балшыққа батып, ауылға жете алмай жатыр

Кеше, 20:00
549
Бөлісу:
Тұрғындар балшыққа батып, ауылға жете алмай жатыр
VIDEO
Фото: автордан

Әлеуметтік желіде таралған бейнежазбада Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Қаражар ауылының тұрғындары кіреберіс жолдың соңғы күндері ми батпаққа айналғанын айтады. Соның салдарынан көліктер толарсақтан саз кешіп, қарға адым жер мұң болған. 

Қаражар - аудан орталығы Переметное ауылынан 7 шақырымда орналасқан, 300-ге тарта тұрғыны бар шағын ауыл. BAQ.KZ тілшісі мәселенің мән-жайын білмекке аудан әкімдігіне хабарласқан болатын. Аудан басшылығы дәл қазір аталған проблеманың оң шешілгенін, көлік қозғалысында ешқандай қиындық жоқ екенін айтты. 

Кешегі бейнежазбада көрсетілген 20 метрдей аралық қана. Былтыр сол тұсқа жолдың астына су өткізетін тұрба салған едік. Биыл топырақ әбден тапталмағандықтан жер түсіп кетті. Қазір қиыршық тас төсеп, қатынасты қалпына келтірдік.  Аталған елді мекеннің жолын биыл асфальттау жоспарланған. Күні бүгін мемлекеттік сатып алу байқауы өтіп, мердігер анықталды. Құрылыс құны 700 миллион теңге. Қаржы мәселесінде қиындық болмаса, құрылыс жұмыстары жазға қарай басталады, - дейді Бәйтерек аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Асланбек Даубаев.  

Өзгелердің жаңалығы