Тұрғындар Астанаға қатынауға мәжбүр: Павлодар әуежайы қашан ашылады?

Жолаушылар өзге өңірге ұшу үшін Астанаға қатынауға мәжбүр.

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 12:03
Бүгiн 2026, 12:03
215
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Павлодар әуежайы жөндеуге жабылғанына 1 жыл болды. Қала тұрғындары өзге өңірге ұшу үшін Астанаға қатынауға мәжбүр. Әуежай қашан ашылатынын БАҚ өкілі Үкімет отырысының брифингінде Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтан сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол жерде мердігер өз жұмыстарын онша дұрыс атқарып жатқан жоқ. Қазір жергілікті органдармен сол жұмысты қайтып жаңартамыз, - деп жауап берді министр.

Ол былтыр мердігермен болған мәселелер жөндеу жұмыстарын кешеуілдеткенін атады.

Байқауды бір мердігер ұтып алып, байқауға қатысқан екінші мердігер онымен соттасты. Жұмыстары сот рәсімдері үшін созылды. Бірақ биыл жыл соңына дейін құрылыс жұмыстары аяқталады, - деді Көлік вице-министрі Талғат Ластаев.    

Наверх