Карантин кезінде тұрғын үйді жалға алу бағасы көтерілді

12 Мамыр 2020, 03:22
1716
Бөлісу:
Карантин кезінде тұрғын үйді жалға алу бағасы көтерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы сәуірде өткен аймен салыстырғанда тұрғын үйді жалға алу бағасы көтерілді. 

Cтатистика комитетінен хабарлағандай, 2020 жылғы сәуірде өткен аймен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату, абаттандырылған және абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату бағалары өзгеріссіз қалды.  Ал абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,8% жоғары болды.

Ал бір жылда тұрғын үй нарығында бағаны салыстыратын болсақ, биылғы сәуір айында таза әрленген жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрі 297 170 теңгені құрады. Бұл 2019 жылдың сәуірімен салыстырғанда 6,3%-ға қымбат.

Биылғы сәуірде абаттандырылған пәтердің бір шаршы метрінің құны 206 072 теңгеге бағаланды. Бір жылда баға 7%-ға артқан.

Абаттандырылмаған, жер үйдің бір шаршы метрінің бағасы өткен сәуір айында 128 097 теңге болды. 2019 жылдың сәуірімен салыстырғанда 6,5%-ға жоғары.

Көпқабатты үйде пәтерді жалға алу төлемі бір шаршы метрі үшін 1574 теңгені құрады. Баға бір жылда 8,8%-ға өскен.




Өзгелердің жаңалығы