Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тұрғын үйге қолсұғуға тыйым: Конституциялық комиссия қандай өзгеріс ұсынды?

Олжас АДАЙ
Бүгiн, 15:09
113
Бөлісу:
 Конституциялық сот
Фото: Конституциялық сот

Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмаханов Конституциялық реформаға енгізілген ұсыныстар туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 12-бабына сәйкес, "ешкім де өз үйінің қолсұғылмаушылығына, өзгелердің озбырлықпен нұқсан келтіруіне ұшырамауға тиіс. Әр адамның осындай заңасыз араласудан немесе нұқсан келтірулерден заң арқылы қорғалуға құқықы бар". Қазақстан ратификациялаған Азаматтық және саяси құқық туралы пактіде "әрбір адам жеке және отбасылық өміріне өзгелердің өз бетінше заңсыз араласуынан, озбырлық жасап, баспанасының қолсұғылмаушылығына нұқсан келтірілуден қорғалуы тиіс" делінген, - дейді ол.

Конституциялық сот өзінің 2024 жылғы 19 сәуірдегі нормативтік қаулысында тұрғын үй адамның және оның отбасы мүшелерінің өмір сүру конституциялық құқығын іске асыру үшін аса маңызды екенін атап өткенін еске салды.

Оның айтуынша, Конституцияның 28-бабының 1-тармағына сот шешімінсіз тұрғын үйден айыруға ғана емес, тұрғын үйден шығаруға да жол берілмейтіні туралы толықтыру енгізу көзделген.

Сондай-ақ комиссияға жекелеген нормалардың тұжырымдамаларын нақтылау жөнінде ұсыныстар түскен. Олардың бірқатары ескерілген. Мәселен преамбулада орыс тіліндегі «исконный» сөзі «исконно» деп өзгертілді, яғни «Исконно казахская земля» деп нақтыланды.

Бұдан бөлек, кейбір баптарда «Адам құқықтары мен бостандықтары» деген тіркес «Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары» деп өзгертілді. Бұл түзетулер преамбулаға, республика қызметінің негізін құрайтын қағидаттарға және өзге де нормаларға қатысты.

Сонымен қатар «Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау» сот билігін жүзеге асырудың мақсаты ретінде айқындалды.

2-бапта «теңге» атауы екі тілде де «Теңге» деп жазылатын болды. Елорданың мәртебесі конституциялық заңмен айқындалатыны көрсетілді.

Мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды мемлекет есебінен өтеу құқығы 15-баптан 14-бапқа ауыстырылған, – деді Бақыт Нұрмаханов Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында.

Өзгелердің жаңалығы