Тұрғын үйді жалға беру. Екі тарап та заңды келісуі керек

23 Тамыз 2022, 16:34
1468
Бөлісу:
Тұрғын үйді жалға беру. Екі тарап та заңды келісуі керек

Тұрғын үйді жалға беру – ақша табудың кең таралған тәсілдерінің бірі. Алайда, екі тарап үшін де – жалға беруші үшін де, жалға алушы үшін де қарым-қатынасты заңды түрде бекіту арқылы кейбір қауіптердің алдын алуға болады, деп хабарлайды  BAQ.KZ.

Сонымен, жалдау шартын жасасу жалға алушыға келесідей мүмкіндіктер береді:

жалға берушімен тұрғын үйге келу шарттары мен кезеңділігі туралы келісу;

сапалы тұрғын үй жағдайларын талап ету – күрделі жөндеу мәселелерін тұрғын үй иесі шешуі керек;

егер жалға беруші жалдау мерзімі аяқталмай жатып тұрғын үйді босатуды талап етсе, сіз бұған қарсы бола аласыз.

Өз кезегінде, жалға берушінің қызметін ресімдеу оны әлеуметтік тәуекелдерден қорғайды және ЖК ресімдеу немесе БЖТ төлеу кезінде медициналық сақтандыруды пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ айыппұлды болдырмауға көмектеседі (салық төлемегені үшін 15 АЕК айыппұл салынуы мүмкін).

Өзгелердің жаңалығы