Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тұрғын үйдегі жарылыс: бір адам көз жұмып, екі тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті

1 Мамыр 2025, 08:30
822
Бөлісу:
 Global Look Press/Johannes Neudecker
Фото: Global Look Press/Johannes Neudecker

Қытайдың солтүстігінде орналасқан Тайюань қаласындағы тұрғын үйде болған жарылыс салдарынан бір адам қаза тауып, тағы екеуі із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Қытайдың Орталық теледидарына (CCTV) сілтеме жасап.

Жарылыстың салдарынан 21 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, олардың үшеуі кейін медициналық мекемеден шығарылған. Қазіргі уақытта екі адамның тағдыры беймәлім.

Жарылыс орнында құтқару штабы құрылып, төтенше жағдай қызметтері мен өрт сөндірушілер апат салдарын жою және іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастыруда. Құтқарушылар үйінді арасынан бір адамды тірі алып шыққан.

Оқиғаның нақты себебі әзірге анықталған жоқ. Билік өкілдері тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы