Тұрғымбаевтан қаңтардағы тәртіпсіздіктер бойынша куәгер ретінде жауап алынды

29 Тамыз 2022, 10:16
1335
Бөлісу:
Тұрғымбаевтан қаңтардағы тәртіпсіздіктер бойынша куәгер ретінде жауап алынды

Президенттің экс-кеңесшісі, ҚР Ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы Ерлан Тұрғымбаевтан қаңтардағы тәртіпсіздіктер ісі бойынша куәгер ретінде жауап алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтан Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел-тергеу тобы тергеп жатқан қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде жауап алынды, - делінген ведомствоның ресми сауалына Бас прокуратураның берген жауабында.

Ведомство тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жариялауға жатпайтынын айтты.

Тұрғымбаев 2019 жылдың ақпан айынан бері Ішкі істер министрлігін басқарды. 2022 жылдың қаңтарында Қазақстанда болып, 238 адамның өліміне әкеп соқтырған тәртіпсіздіктерден кейін Тұрғымбаев Ішкі істер министрлігінің басшысы қызметінен алынып, 2022 жылдың ақпанында ҚР Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Ал тамыз айының ортасында ол қызметтен де кеткен.

Өзгелердің жаңалығы