Тұрғымбаев тұрғындардың жеке мәселелерін тыңдады

26 Қараша 2020, 16:50
1547
Бөлісу:
Тұрғымбаев тұрғындардың жеке мәселелерін тыңдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев азаматтардың жеке мәселелерін тыңдады. Азаматтарды қабылдау онлайн форматты өтті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Тіркелушілердің бәрін қабылдап үлгеру үшін министрмен бірге оның орынбасарлары және ІІМ-нің өңірлік құрылымдардың басшылары да қабылдау жүргізді. Жалпы алғанда, министрлік басшысы бірнеше сағат ішінде 70-ке жуық адамды қабылдады.

Келіп түскен барлық өтініштерге байланысты Ерлан Тұрғымбаев тиісті қызмет басшыларына нақты тапсырмалар берді. Қосымша зерттеуді қажет ететін материалдарды министр жеке бақылауға алды. Бұл материалдар бойынша тиісті ден қою шаралары қабылданып, тексерулер жүргізілетін болады.

Министрлік «халықпен кері байланыс» орнату бойынша барлық шараларды қабылдауда. Сонымен қатар, қабылдауға жазылғандардың саны жергілікті жерлердегі халықтың барлық проблемалары құқықтық шешімін таппай отырғанын көрсетеді. Бірде-бір өтініш пен арыз назардан тыс қалмауға және ден қойылуға тиіс. Бүгін біз тұрғындардан келіп түскен өтініштер мен арыздарды бойынша бөлімшелердің басшыларына жұмысына тиісті баға беретін боламыз, - деп нақтылады ІІМ басшысы.

Азаматтарды қабылдау өңірлерде де өтуде. Облыстық, қалалық және аудандық аумақтық полиция органдары мен қылмыстық-атқару жүйесінің басшылары және олардың орынбасарларына 500-ден астам адам жазылды.

Азаматтарды осындай форматта қабылдау үнемі жүргізілетін болады.

Өзгелердің жаңалығы