Қазақстанның муай-тай құрамасының спортшысы Тұрар Дүйсехан Эр-Риядтағы Ислам Ынтымақтастығы ойындарындағы өнер көрсету нәтижесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Финалда ол Ирак өкілі Аяд Альбадрды жеңіп, 60 келіге дейінгі салмақта тұғырдың бірінші сатысына көтерілді.
Бойым мен физикалық тұрғыдан сәл әлсіз болдым. Сол себепті барымды салып, өзімнің күресімді көрсетуге тырыстым. Қалай десе де, Құдайдың көмегімен жеңіске жеттім, – деді спортшы.
Бұл жеңіс Қазақстан құрамасы үшін Ислам ойындарындағы 11-ші алтын медаль болды.
Еске салсақ, 7 қарашада Эр-Риядта VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының салтанатты ашылуы өтті. Қазақстан құрамасын 100-ден астам спортшы құрайды.
Сауд Арабиясы бұл ойындарды алтыншы рет қабылдауда. Бұған дейін форум Мекке (2005), Палембанг (2013), Баку (2017), Конья (2021) қалаларында өткен еді.