Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Тұрақты табыс көзі жоқ". Бишімбаевтың адвокаты алиментке қатысты пікір білдірді

8 Сәуір 2025, 11:06
751
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов Бишімбаев пен оның бұрынғы жұбайы Назым Қаһарманмен арадағы алимент дауына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Адвокаттың мәліметінше, Бишімбаев алимент төлеуден бас тартпаған, тек қазіргі қаржылық жағдайына байланысты алимент мөлшерін қайта қарауды сұрап отыр.

Қуандық Бишімбаевтың қазіргі уақытта тұрақты табыс көзі жоқ. Сондықтан Қазақстан заңнамасына сәйкес, материалдық жағдай өзгерген жағдайда алимент туралы келісімдер қайта қаралуы мүмкін, – дейді Ғазымжанов.

Сонымен қатар адвокат Бишімбаевтың ата-анасы ұзақ уақыт бойы өз еркімен алимент төлеп келгенін, бірақ кейін көмектің мөлшерін өзгерткенін айтты. Ол мұны Назым Қаһарман тарапынан айтылған қорлайтын сөздермен және немерелермен қарым-қатынасқа кедергі келтірумен байланыстырды.

Әлеуметтік желіде Бишімбаевтар отбасына бағытталған жүйелі шабуылдардан кейін, олар тек өз мүмкіндіктеріне сай көмек көрсетуді шешті, – деп жазды адвокат.

Еске салайық, бұған дейін Назым Қаһарман әлеуметтік желіде Бишімбаевтың ата-анасы алимент төлеуді мүлде тоқтатты деп мәлімдеген болатын.

Өзгелердің жаңалығы