Ханзада Гарри Ұлыбритания Жоғарғы Сотында мемлекеттік күзетке қатысты іс бойынша жеңіліп қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ The Guardian басылымына сілтеме жасап.
Сот шешімі бойынша, оның корольдік міндеттерден бас тартқанынан кейін қауіпсіздік деңгейінің төмендетілуі заңды деп танылды.
Бұрынғы Сассекс герцогіне тұрақты күзет берілмейді. Оның орнына әр сапар алдында 30 күн бұрын хабарлама жіберіп, қауіп деңгейін жеке бағалау арқылы күзет мәселесі шешіледі.
Ханзаданың адвокаттары бұл шешім оның жеке және отбасы қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп дауласқанымен, сот оны негізсіз деп таныды.
Сонымен қатар, The Daily Mail ақпанда Гарридің АҚШ визасына өтініш берген кезде есірткі қолдану дерегін жасырған болуы мүмкін екенін жазды. Егер бұл расталса, оны қылмыстық жауапкершілікке тартуы, айыппұл салуы немесе елден депортациялауы ықтимал.