Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «Қазақстандағы Тұрақты даму мақсаттарын оқшаулау: қазіргі және болашақ ұрпақ мүддесіндегі серіктестік» тақырыбындағы сайд-ивентке қатысты, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.
Министр өз сөзінде соңғы жылдары тұрақты даму саласына ірі жаһандық және өңірлік ұйымдар тарапынан айтарлықтай көңіл бөлінетінін атап өтті.
Қазақстанда өңірлік деңгейде ТДМ (Тұрақты даму мақсаттары) іске асыру базасы қалыптасқан. Осылайша, ТДМ іске асыру үшін жаһандық міндеттемелерді тиімді орындауда маңызды рөл атқаратын институционалдық шеңберлер бар, - деді Ә.Қуантыров.
Бүгінгі таңда Қазақстанда ТДМ бойынша Үйлестіру кеңесі құрылды, ұлттық индикаторлар бекітілді, ТДМ қаржыландырудың кешенді ұлттық тетігі әзірленуде, сондай-ақ басқа да көптеген іс-шаралар өткізілуде.
Бұл ретте тұрақтылық пен инклюзивтік қағидаттары Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарына қосылатын болады. Стратегиялық мақсаттарды оқшаулау экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілерді ескеретін Ұлттық жобалар арқылы жүзеге асырылатын болады.
Ә.Қуантыров бүгінгі іс-шара балалардың әл-ауқатына ерекше назар аудара отырып, ТДМ оқшаулауға жәрдемдесу үшін қатысушылар мен елдер арасында тәжірибе алмасу үшін маңызды алаң болып табылатынына сенім білдірді.
Балалардың әл-ауқатына баса назар аудару кездейсоқ емес. Еліміздің әрбір үшінші азаматы – бала. Біз балалар барлық мемлекеттік қолдау шараларының тікелей және жанама бенефициарлары деп нақты айта аламыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Президент өз Жолдауында балаларға қамқорлық жасау мемлекеттік саясаттың орталығында болуы керектігін атап өтті. Өйткені, бүгінгі балалардың әл-ауқаты – мемлекетіміздің табысты болашағының сенімді кепілі, - деп түйіндеді Ұлттық экономика министрі.