Тұран даңғылындағы учаске 20 күнге жабылады

21 Ақпан 2024, 23:45
618
Бөлісу:
Тұран даңғылындағы учаске 20 күнге жабылады
Фото: архив

Тұран даңғылындағы Орынбор мен Бағланова көшелерінің аралығында инженерлік желілерді төсеу жұмысы жүргізіледі. Осыған байланысты 2024 жылғы 21 ақпан мен 9 наурыз аралығында көлік қозғалысы екі бағытта да шектеледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іргелес учаскелерде тиісті жол белгілері орнатылып, бағдаршамдардың жұмыс режимдеріне түзетулер енгізілді. Қосымша ақпараттық белгілер орнатылды.

Баламалы бағыттар Айтматов көшесі мен Қабанбай батыр даңғылы болып саналады.

Аталған уақытта кептелістерді азайту үшін Қабанбай батыр даңғылындағы автобус жолақтарымен жүруге уақытша рұқсат етіледі. Олар бойынша қозғалыс бұзылыстарын тіркеу өшіріледі. № 26, 27, 40 қалалық автобустардың бағыты өзгертілді, - деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Жол қауіпсіздігі мақсатында полиция департаменті жүргізушілерге өте мұқият болып, маршрутты алдын ала жоспарлау қажет екенін ескертеді. Жаяу жүргіншілер де сақ болуы керек.

Өзгелердің жаңалығы