«Тұран» әуендері Сербия халқының қошеметіне бөленуде

4 Қараша 2023, 15:48
752
Бөлісу:
«Тұран» әуендері Сербия халқының қошеметіне бөленуде
Фото: gov.kz

Белгілі қазақстандық «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі өзінің Балқандағы концерттік турын Белградта және Златиборда жалғастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Танымал домбыра күйлері мен халық аңыздары көпшілік назарына қызықты бейнеэффекттердің сүйемелдеуімен ұсынылды.

Қазақстанның ұлттық мерекесі – Республика күніне арналған «Bridge of times» атты салтанатты концерттерге Сербияның саяси, академиялық және ғылыми топтардың өкілдері, қоғамдық ұйымдардың басшылары, бизнесмендер, дипкорпус, БАҚ, мәдениет және спорт қайраткерлері қатысты.

Серб жұртшылығы музыканттарды жылы қабылдап, ұзақ қошемет көрсетті.

«Колорац» музыкалық дәстүрге бай астаналық концерт залындағы
іс-шараны аша отырып, Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асырудағы жетістіктеріне назар аудара отырып, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Республика күнінің маңыздылығын атап өтті. Бұл ретте қазақстандық дипломат еліміздің аумағында қалыптасқан ұлы көшпелі империялардың мемлекеттілігін қазіргі Қазақстанмен тарихи сабақтастығын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы