Отандық велошабандоз "Тур де Франс" көпкүндігінде ТОП-20 қатарына енді

29 Шілде 2019, 13:49
2600
Бөлісу:
Отандық велошабандоз "Тур де Франс" көпкүндігінде ТОП-20 қатарына енді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы «Тур де Франс» көпкүндігі дәстүр бойынша Елисей алаңында аяқталды. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.

Финалдық кезеңде австралиялық Калеб Юан жеңіске жетті.  

«Астана» командасы сапында велокөпкүндікте екі спортшы жеңіс тұғырынан көрінді. Пельо Бильбао мен Алексей Луценко үздіктер қатарына енген болатын. 

Айта кетейік, Қазақстан чемпионы Луценко жалпы есепте 19-шы орынға тұрақтады.  

«Команда көшбасшысы Якоб Фульсанг жарыстан шығып қалса да, «Тур де Франс» додасында соңына дейін беріскен жоқпыз. Әрине, біз жалпы есепте жақсы нәтижеден үмітті болдық. Бірақ бұл велоспорт. Шабуылдауға берілген кез келген мүмкіндікті пайдаландық. Алексей Луценко ТОП-20 қатарына енгені де жаман көрсеткіш емес. Бұл жолы біз үлкен сабақ алдық. Енді келесі жарыстарға дайындаламыз», - деді «Астана» командасының спорттық менеджері Дмитрий Фофонов. 

Өзгелердің жаңалығы