Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еркін күрестен Қазақстан командасы Тунистегі рейтингтік турнирде өз өнерін аяқтады. Спортшылар қоржынында жеті медаль бар, деп хабарлайды Olympic.kz.
Алтыннан алқа тағынғандар есебінде Азамат Дәулетбеков (86 келіге дейін) және Әбдіманап Байгенжеев (92 келіге дейін).
Екінші орында Талғат Сырбаз (70 келіге дейін), Болат Сақаев (79 келіге дейін) және Мамед Ибрагимов (97 келіге дейін).
Ә Асқаров (65 келіге дейін) және Әлішер Ерғали (125 келіге дейін) турнирді үшінші орында аяқтады.
Командалық есепте Қазақстан үшінші орында.