Елордада Тұңғыш президент күніне орай Халықаралық парламенттік конференция өтіп жатыр

27 Қараша 2019, 12:35
4653
Бөлісу:
Елордада Тұңғыш президент күніне орай Халықаралық парламенттік конференция өтіп жатыр
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазір елордада "Президенттік институт: Қазақстандық модель" халықаралық парламенттік конференция өтіп жатыр.

Форумға Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламентінің қос палатасының депутаттары, Әзербайжан, Болгария, Қырғызстан, Моңғолия, Сербия, Татарстан, Түркия, Франция парламентшілері қатысады.

Жыл сайын Президент күні қарсаңында өткізіліп келе жатқан конференция бүгін де Тәуелсіз Қазақстанның жеткен табыстары туралы, халықаралық деңгейде диалог құратын алаңға айналды. Биылғы конференцияның маңызы зор. Себебі алдағы жылы біздің елімізде президенттік басқару институтының құрылғанына тура 30 жыл толады. Бұл – егемен еліміз үшін айтулы белес, тарихи кезең. Осы отыз жылда барлық реформа жоғары деңгейде орындалып, Қазақстанымыз  аз уақыттың ішінде саяси-экономикалық және әлеуметтік табысты мемлекетке айналды. Бұл Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы Тұңғыш президентіміз –Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының, батыл қадамының және бірлігі жарасқан халқымыздың ерен еңбегінің жемісі екені сөзсіз. Бүгінде Елбасының бастамаларын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев одан әрі жалғастырып, еліміздің стратегиялық жоспарларын әрі қарай жүзеге асыруда, - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Сонымен қатар форумға БҰҰДБ, ЕҚЫҰ, Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы (ТүркПА), Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім шаралары жөніндегі Кеңес (АӨСШК) өкілдері, сондай-ақ АҚШ, Швеция және басқа елдерден келген шетелдік сарапшылар шақырылды.

Сондықтан бүгінгі конференцияда қалыптасқан Қазақстанның даму жолының ерекшеліктері жан-жақты талқыланып, ұсыныс-пікірлер айтылады. Сондықтан конференция жұмысына табыс тілеймін, - деді Мәжіліс төрағасы.

Пленарлық отырыстан кейін конференция сұрақтарын талқылау екі панельдік сессияда жалғасады: "Елбасы және қазақстандық парламентаризмнің дамуы" және "Ақ-Орда: көпвекторлы бағыт".

Өзгелердің жаңалығы