Түнгі вандализм: Алматыда екі аялдама әйнегі шағылды

Сынған әйнек алынып тасталған, ал жаңасын биылғы наурыз айына дейін орнату жоспарланып отыр.

 видеодан алынған кадр 17 Ақпан 2026, 14:14
17 Ақпан 2026, 14:14
848
Фото: видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желілерде Алматы қаласындағы Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысында бүлінген аялдаманың фото және видеолары қызу талқылануда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кадрлардан аялдама әйнектерінің сынғаны және құрылым жанында тастардың жатқанын көруге болады.

Алмалы ауданы әкімдігінің хабарлауынша, оқиға 12 ақпан күні шамамен сағат 03:30-да болған. Сынған әйнек алынып тасталған, ал жаңасын биылғы наурыз айына дейін орнату жоспарланып отыр.

Фото: Алматы қаласы, Алмалы ауданы әкімдігі

Анықталғандай, аялдама кешені инвестор – «РТС Деко» АҚ тарапынан орнатылған. Компания мүлікке зиян келтіру фактісі бойынша полицияға жүгінген.

Өз кезегінде Алматы қалалық Полиция департаменті күдіктінің жеке басы анықталғанын мәлімдеді.

Қалада екі аялдама кешенін қасақана бүлдіру деректері тіркелді. Құқық бұзушыны ұстау – уақыт мәселесі. Әрбір вандализм фактісі полицияның қатаң бақылауында, – деп хабарлады ведомство.

Видео: facebook/Дежурный по городу Алматы

Наверх