Түнгі клубтағы төбелес: Астанада 19 жастағы жігіт пышақ жарақатынан қаза тапты

Астанада түнгі клубтардің бірінде 19 жастағы жігіт пышақ жарақатынан қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 - архив 9 Қыркүйек 2025 2025, 12:57
9 Қыркүйек 2025 2025, 12:57
1456
Фото: - архив

Астанада түнгі клубтардің бірінде 19 жастағы жігіт пышақ жарақатынан қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Астана полиция департаментінен мәлім еткендей, мекеменің келушілері арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан. Жанжал кезінде олардың біреуі пышақ шығарып, қарсыласына шабуыл жасаған. Алған жарақаттарынан 19 жастағы жас жігіт сол жерде қаза тапты.

Кісі өлтіру фактісі бойынша полиция күдіктіні ұстады және Астана ПД уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде, - делінген ведомство хабарламасында.

Наверх