11 наурызда Астана уақытымен сағат 01:26-да қазақстандық сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оның орталығы Қазақстан мен Қытай шекарасында болды.
Болжалды қарқындылығы – 2 балл, жеңіл жер асты дүмпулері Жетісу облысының Жаркент қаласында сезілді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет жоқ, жағдай тұрақты.