Түнде өрт сөндірушілер екі өртті сөндірді

16.03. Астана қаласы, Байқоңыр ауданында жеке тұрғын үйде шамамен 20 ш.м. алаңда өрт орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ТЖМ баспасөз қызметі 16 Наурыз 2024 2024, 09:16
16 Наурыз 2024 2024, 09:16
1031
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

16.03. Астана қаласы, Байқоңыр ауданында жеке тұрғын үйде шамамен 20 ш.м. алаңда өрт орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын-ала себебі анықталуда. Сағат 05-01-де өрт толықтай сөндірілді. Өртті сөндіруге шамамен ТЖД-нің жеке құрамынан 15 адам және 3 бірлік техника жұмылдырылды, - делінген ТЖД хабарламасында.

Сондай-ақ 16.03. таңертең Алматы қаласында, Түрксіб ауданында жеке тұрған бір қабатты асханада өрт шықты. Жалпы ауданы 150 ш.м. Зардап шеккендер жоқ, өрттің алдын-ала себебі анықталуда. Сағат 06-55-те өрт оқшауланды, сағат 07-10-да жойылды.

Наверх