Тұмау&Коронавирус. Вакцинолог екеуін қалай ажыратуға болатынын айтты

29 Қыркүйек 2023, 13:24
859
Бөлісу:
Тұмау&Коронавирус. Вакцинолог екеуін қалай ажыратуға болатынын айтты
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Елімізде және шетелдерде маусымдық респираторлық вирустық инфекциялармен және COVID-19-бен сырқаттанушылық көрсеткіші өсіп келеді. Сонымен қоса вирустар түрлі мутацияға ұшырап келеді. 

Медицина ғылымдарының кандидаты, вакцинолог Рабият Зайниддинова «МИР 24» телеарнасына берген сұхбатында вакцина салдырғандарға эпидемиологиялық маусым кезінде аса қауіп төндірмейтінін айтқан болатын.

Коронавирус толығымен кетті немесе күзде жүретін вирустық аурулар қатарынан алып тастау керек деп айту ерте. Себебі COVID-19-ға басқа респираторлық вирустар да қосарланып кетуі ықтимал. Оның белгілері қазір көпшілік жұқтыратын вирустардың симптомдарына ұқсас болып келеді. Яғни кез келген тірі организм тәрізді коронавирусқа адаптивті механизмдер тән. Сондай-ақ ол әлі де мутацияланып келеді. Қазір коронавирустың «Пирола» атты жаңа штаммы өзінің белсенділігімен және айқын респираторлық инфекция симптомдарымен ерекшеленеді, - деді ол.

Сарапшының сөзінше, вирустық инфекция белгілері өте ұқсас. Нақты диагноз қою үшін экспресс-тесттер, ПТР-диагностика, қосымша анализ тапсыру қажет болады. Вакцинолог ауру белгілері пайда бола бастаған кезде өз-өзін емдеумен айналыспай, бірден дәрігерге баруға кеңес берді.

Тұмау кезінде денсаулық жағдайың жақсы болып жүріп бірден жоғары температураға дейін көтеріледі. Ал коронавирус кезінде бұл жағдай тұмаудыкінен өзгеше болады: температура біртіндеп көтеріле бастайды, оған тамақтың жыбырлауы қосылады. Бұдан бөлек жөтел де жабысады. Бұл ретте жөтел-бөртпе-конъюнктивит триадасы және температураның жоғарылауы қызылшаға да тән екенін айта кеткен жөн. Дәл қазір қызылша меңдеп тұр, - деді Зайниддинова.

Ол қызылшаның антиденелері мөлшерін анықтау үшін анализ тапсыруға кеңес берді. Егер ол төмен болса, вакцина салдырып алған дұрыс. Дәрігердің айтуынша, коронавирус пен тұмауға қарсы екпені бір уақытта жасай беруге болады. Өйткені олар бір-бірімен үйлеседі.

Өте қауіпті вирустардан сақтанудың бірден-бір жолы - вакцинация. Бұл ретте вакцина алғаннан кейін пайда болатын иммунитет - қауіпті вируспен бетпе-бет келгенде қалқан болатын әдіс екенін айта кеткен жөн. Яғни сізде өлім қаупі туындамайды, сіздің иммунитетіңіз қорғалған есебінде болады, - деп түсіндірді вакцинолог.  

Өзгелердің жаңалығы