Тұмауға қарсы 2,3 млн доза вакцина сатып алынды

11 Қыркүйек 2024, 11:45
299
Бөлісу:
Тұмауға қарсы 2,3 млн доза вакцина сатып алынды
Фото: BAQ.KZ -архив

Қазақстанда тұмауға қарсы екпе 15 қыркүйекте басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Қазір ол үшін 2,3 млн доза вакцина сатып алынды. Ресейде өндірілген екпенің алғашқы партиясы елге жеткізілген. Вакциналау медициналық мекемелер жанындағы арнайы кабинеттерде және көшпелі бригадалар көмегімен жүргізіледі. 

Медицина, әлеуметтік мекеме қызметкерлері мен мүгедек жандар жоспарлы түрде егіледі. Сол секілді денсаулық жағдайы бойынша есепте тұрған және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар вакцинамен қамтылады, - делінген ақпаратта.

Қалған азаматтар екпені қалауы бойынша ақылы негізде алады.

Өзгелердің жаңалығы