Тұмау маусымы: Алматыда әзірге шектеулер енгізілмейді

Алматыда ЖРВИ өсіміне байланысты ешқандай қосымша шектеу енгізу жоспарда жоқ. Қала әкімдігі мектептердің оқу режимі бұрынғыдай жалғасатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 ortcom.kz 20 Қараша 2025 2025, 15:19
20 Қараша 2025 2025, 15:19
990
Фото: ortcom.kz

Алматыда ЖРВИ өсіміне байланысты ешқандай қосымша шектеу енгізу жоспарда жоқ. Қала әкімдігі мектептердің оқу режимі бұрынғыдай жалғасатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің дерегінше, қаладағы жедел респираторлық вирустық инфекциялар бойынша эпиджағдай тұрақты, бақылау деңгейінен асқан жоқ.

Қазіргі уақытта Алматыда А/H3N2 “гонконг тұмауы” вирусының 13 жағдайы зертханалық түрде расталған.

А/H3N2 типіндегі тұмаудың 13 жағдайы тіркелді. Негізінен ауру вакцина алмағандар арасында тарауда: олардың 12-сі – жүкті әйелдер (92,3%), 1 жағдай – әскери қызметші. Барлық науқастарға ем тағайындалды, жағдайы қанағаттанарлық, – деді Алматы департамент басшысының орынбасары Әсел Қалыкова.

ЖРВИ бойынша жалпы жағдай

45 апта ішінде қалада 23 786 ЖРВИ жағдайы тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 18,7% көп (18 877 жағдай). Алдыңғы аптамен салыстырғанда да өсім 18,9% (19 288 жағдай). Аурулардың 63,4% – балалар (15 069 жағдай).

Госпитализация

ЖРВИ бойынша – 519 адам ауруханаға түсті, оның ішінде 64 жүкті әйел, 1 жасқа дейінгі 66 бала. Ал пневмониямен – 79 пациент жатқызылды, оның ішінде 1 жүкті әйел, 14 жасқа дейінгі 18 бала, соның 5-і –бір жасқа толмаған.

Наверх