"Тұмар" ұлттық телевизиялық сыйлығының биылғы номинанттары белгілі болды

26 Маусым 2024, 05:21
177
Бөлісу:
"Тұмар" ұлттық телевизиялық сыйлығының биылғы номинанттары белгілі болды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Биыл Ұлттық телевизиялық бәйгеге 12 номинация бойынша 300-ден аса өтінім келіп түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, шорт-листке 48 жұмыс енді. Алғаш рет «Төтенше жағдай кезінде жасалған үздік репортаж» номинациясы бойынша журналистер өз бағын сынады.

Жеңімпаздар есімі 28-маусым бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесінде Астана қаласында белгілі болады. Жеңімпаздар отандық телевизиялық өнер саласындағы ең жоғары жетістіктері үшін «Тұмар» мүсіншесінің және 1 миллион теңге көлеміндегі қаржылай сыйақының иегері атанды.

«Тұмар-2024» Ұлттық телевизиялық бәйгесінің номинанттары:

Төтенше жағдай кезінде түсірілген үздік репортаж:

▪️ «Алапат тасқын» - «Qazaqstan» телеарнасы;
▪️ «Оңтүстіктен Ақтөбеге көмек» - «Айғақ» телеарнасы;
▪️ Программа «Аналитика». «Общенациональный телемарафон» сюжеті- Бірінші канал Еуразия;
▪️ ТАСҚЫН-2024: «өр суынан зардап шеккен Құлсарының бүгіні» - телеканал Caspian News.

Үздік журналистік зерттеу:

▪️ «ОТАНДАСТАР» тарихи-танымдық тележобасы - «Qazaqstan» телеарнасы;
▪️ «Шөлдің кемесі, төрт түліктің төресі» - «QYZYLORDA» телеарнасы;
▪️ Экономика vs экология: су үнемдеудің жолдары қандай?/Арнайы репортаж - «Atameken Business»телеарнасы;
▪️ «Один спуск в шахту - 200 тыс. тенге» - «Хабар»телеарнасы.

Үздік ақпараттық бағдарлама:

▪️ «Astana Times» жаңалықтар қызметі - «Астана тв»телеарнасы;
▪️ «Ақпарат» көшпелі студиясы - «Qazaqstan»телеарнасы;
▪️ «BASTY JANALYQTAR» - «Atameken Business»телеарнасы;
▪️ Жаңалықтар телеканал - «ТДК-42» телеарнасы.

Үздік аналитикалық бағдарлама:

▪️ «Қоғам назарында» - «Астана тв» телеарнасы;
▪️ «САНА» - «ABAI TV» телеарнасы;
▪️ «Уәде» - «Жібек жолы» телеарнасы;
▪️ «Жеті күн» - «Хабар» телеарнасы.

Үздік әлеуметтік жоба:

▪️ «Құдайы қонақ» - «Qyzylorda» телеарнасы;
▪️ «Асар» - «Turkistan» телеарнасы;
▪️ «Ана болғым келеді» - «Жібек жолы» телеарнасы;
▪️ «50/50» - 31 канал.

Үздік деректі фильм:

▪️ «Жауынгер» - «Қазспорт» телеарнасы;
▪️ «Арамызда Жүрсін» - «El arna» телеарнасы;
▪️ «Шетелдегі қазақ балалары» - «Жібек жолы»телеарнасы;
▪️ «Бір үйдің 55 баласы» - «Qazaqstan» телеарнасы.

Үздік сериал:

▪️ «Жат бауыр» - «Qazaqstan» телеарнасы;
▪️ «Қара жәшік» - «Хабар» телеарнасы;
▪️ ХАҚ (Халыққа адал қызметкер) – «7 арна» телеарнасы;
▪️ «Мошенники» - «НТК» телеарнасы.

Үздік өңірлік ток-шоу:

▪️ «Көп нүкте» - «AQTOBE» телеарнасы;
▪️ «Ділмар» - «Жетісу» телеарнасы;
▪️ «Сөздің қысқасы...» - «Mangystay» телеарнасы;
▪️ «Давайте обсудим» - «ТДК-42» телеарнасы.

Үздік өңірлік телеарна:

▪️ «Qyzylorda» телеарнасы;
▪️ «Caspian News» телеарнасы;
▪️ «Жетісу» телеарнасы;
▪️ «ТДК-42» телеарнасы.

Балаларға арналған үздік бағдарлама:

▪️ «Телебалапан» - «Ulytau» телеарнасы;
▪️ «АуылDone» «7 арна» телеарнасы;
▪️ «Жұрттың балалары» «Qazaqstan» телеарнасы;
▪️ «IBars» - «Balapan» телеарнасы.

Үздік тележурналист:

▪️ Григорий Беденко - «Хабар» телеарнасы;
▪️ Еркін Карин - «Астана тв» телеарнасы;
▪️ Нурбек Бекбау - «Qazaqstan» телеарнасы;
▪️ Ақбөпе Тәңірберген – Бірінші канал Еуразия.

Үздік тележүргізуші:

▪️ Мадина Балгабаева - «КТК» телеарнасы;
▪️ Каиржан Смагулов - «24 KZ» телеарнасы;
▪️ Айкерім Есенәлі - «Qazaqstan» телеарнасы;
▪️ Мадина Алмолдина - «Atameken Business»телеарнасы.

Айта кетейік, «Тұмар» Ұлттық телевизиялық бәйгесі 2017 жылы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен құрылған. Сыйлықтың басты мақсаты – сапалы қазақстандық телевияны дамыту және ілгерілету, телевизиялық контент өндірісінде талантты мамандарды қолдау және оның ең мықты өкілдерін мадақтау.

Өзгелердің жаңалығы