Астана, BAQ.KZ. "Тұмар" ұлттық телевизиялық бәйгесін ұйымдастыру комитеті конкурсқа қатысу өтінімдерін қабылдау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдады.
Байқауға қатысуға бірегей телевизиялық жобалар жіберіледі. Сыйлық алуға ұлттық және аймақтық телевизиялық хабар тарату компаниялары, студиялар, продюсерлік орталықтар және телевизиялық контентті өндіретін медиа индустрияның басқа да ұйымдары қатыса алады.
«Тұмар» Ұлттық телевизиялық премиясы телекомпаниялар, шығармашылық ұжымдар, продюсерлік орталықтар жұмыскерлерінің шығармашылық әлеуетін іске асыруға, командалық бірлікті қалыптастыруға және Қазақстанның көпұлтты мәдениетінің дәстүрлерін сақтауға бағытталған.
Байқауға қатысуға өтініш қабылдау 2019 жылдың 12 наурызы, сағат 18.00-ге дейін жалғасады.