Тұманды Альбионды су басты

Бөлісу:
Тұманды Альбионды су басты
Фото: baq.kz

Кеше Англияның кейбір аймақтарында бір айлық жауын-шашынның мөлшері небәрі 24 сағатта жауып, кең көлемді су тасқынына ұласты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әсіресе, елдің орталық және оңтүстік аймақтары қатты зардап шегіп отыр. Оксфорд, Рединг және Бат қалаларындағы нөсер жаңбырдың деңгейі 120 миллиметрге дейін жеткен.

Өзендер арнасынан шығып, метеорологиялық қызмет төтенше жағдай жариялады. Мектептер жабылып, халық үйлерінен көшіп жатыр.

Көлік қозғалысына шектеу қойылда.

Лондонның өрт сөндіру бригадасы су тасқынына байланысты 350-ден астам шақырту алғанын хабарлаған. Құтқарушылар көліктері мен үйлерінде қамалып қалған адамдарды сыртқа алып шығып көмек көрсеткен.

Метеорологиялық бюро бір-екі күнде жауын тоқтағанымен, алдағы уақытта оның жаңа қарқынмен қайта басталуы мүмкін екенін ескертеді. Солтүстіктен соққан салқын желдің әсерінен Ұлыбританиядағы ауа температурасы айтарлықтай төмендейді деген де ақпарат бар.

Өзгелердің жаңалығы