Ертең, 15 қарашада Қазақстанның 13 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде түнде және таңертең тұман түсіп, кей өңірлерде көктайғақ пен желдің күшеюі күтіледі.
Алматы облысы: солтүстік және оңтүстігінде тұман. Алматы мен Қонаевта да түнде және таңертең көріну нашарлайды.
Ақмола облысы: батысы мен солтүстігінде тұман, көктайғақ. Желдің екпіні 15–20 м/с. Көкшетауда көктайғақ.
Атырау облысы: батыс, солтүстік және оңтүстік аумақтарында тұман. Атырауда да кей уақытта тұман түседі.
Қызылорда облысы: солтүстік, оңтүстік және орталықта тұман. Қызылордада түнде және таңертең көріну төмендейді.
Ақтөбе облысы: солтүстік пен шығыста тұман.
Солтүстік Қазақстан облысы: қарлы боран, көктайғақ, тұман. Жел 15–20 м/с. Петропавлда да жел күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысы: солтүстік және шығыста тұман.
Абай облысы: шығыс пен оңтүстікте тұман.
Қарағанды облысы: солтүстікте тұман, оңтүстікте жел 15 м/с.
Ұлытау облысы: солтүстікте тұман, шығысында жел 15 м/с.
Маңғыстау облысы: батыс, солтүстік және орталықта тұман. Ақтауда да түнде және таңертең тұман түседі.
Қостанай облысы: оңтүстікте көктайғақ, облыстың көп бөлігінде тұман.
Батыс Қазақстан облысы: батыс, солтүстік және оңтүстікте тұман. Оралда да көріну нашарлайды.
Синоптиктер жолда сақ болуға, мүмкіндігінше ұзақ сапарларға шықпауды ескертеді.