"Тұман, қатты жел". 30 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" Қазақстан аумағы бойынша 2025 жылғы 30 қарашаға арналған жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 unsplash.com 30 Қараша 2025 2025, 03:48
30 Қараша 2025 2025, 03:48
942
Фото: unsplash.com

"Қазгидромет" Қазақстан аумағы бойынша 2025 жылғы 30 қарашаға арналған жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Болжамға сәйкес, антициклон ҚР аумағының басым бөлігіне әсер етіп, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Тек еліміздің батысында, солтүстігінде және шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі.

Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, желдің екпін алатыны болжанады.

Наверх