"Қазгидромет" 30 қарашаға Қазақстан аумағына арналған жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің айтуынша, антициклонның әсері елдің басым бөлігінде сақталып, көп өңірде жауын-шашынсыз ауа райы болады.
Тек еліміздің батысы, солтүстігі және шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде жаяу бұрқасын болып, көктайғақ болуы ықтимал.
Республика бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі болжанады.