Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тұман мен көктайғақ: 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Кеше, 23:57
110
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Ертең, 27 желтоқсанда «Қазгидромет» РМК Қазақстанның 17 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы облысының таулы аймақтарында түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі, желдің екпіні шығысында 18 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Ақмола облысында 27 желтоқсанда батыс, солтүстік және шығыс бөліктерінде тұман болжанады. Желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с.
Көкшетауда түнде және таңертең жел күшейеді.

Түркістан облысының таулы аймақтарында қар жауып, төменгі боран, тұман мен көктайғақ күтіледі. Тау асуларында желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Шымкент пен Түркістанда кей жерлерде тұман мен көктайғақ болады.

Атырау облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

Қарағанды облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман болжанған.

Маңғыстау облысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ пен төменгі боран болады. Желдің екпіні 15-20 м/с. Ақтауда күндіз көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында қар жауып, төменгі боран мен тұман болады. 27 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында өңірде қар мөлшері нормадан көп жаууы мүмкін. Оралда жел күшейіп, қар жауады.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында қар, боран, көктайғақ және тұман күтіледі. Таразда кей жерлерде тұман байқалады.

Павлодар облысында батыс, солтүстік және оңтүстік бөліктерде тұман болады.

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында тұман мен көктайғақ күтіледі. Қалада да жолдар тайғақ болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең қар, боран, көктайғақ болжанған.

Ақтөбе облысының батысы мен оңтүстігінде тұман болады.

Қостанай облысының шығысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында, соның ішінде Петропавлда, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Жетісу облысында шығыс және таулы аймақтарда тұман мен көктайғақ болады. Желдің екпіні кей жерлерде 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Талдықорғанда да тұман мен жолдың тайғақтығы күтіледі.

Ұлытау облысының батысы, оңтүстігі және орталығында тұман болжанған.

Өзгелердің жаңалығы