Синоптиктер Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысы мен оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Атырау қаласында түнде және таңертең тұман мен көктайғақ болады деп болжанады.
Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман болады деп болжанады. Шымкент пен Түркістан қалаларында кей уақыттарда тұман күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман болады.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, сондай-ақ Алматы мен Қонаев қалаларында кей уақыттарда тұман болады.
Батыс Қазақстан облысының батысында күндіз көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман болады. Орал қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман болады.
Ақтөбе облысының орталығында және оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың орталығы мен батысында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с.
Ақмола облысының батысында және оңтүстігінде тұман болады. Облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде түнде аздаған қар жауып, сырғыма боран болады. Облыстың батысында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел, облыстың оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Петропавл қаласында түнде аздаған қар жауып, сырғыма боран күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде және солтүстігінде тұман болады.
Маңғыстау облысының батысында түнде және таңертең көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел, күндіз облыстың батысы мен орталығында екпіні 15–20 м/с.
Жетісу облысының шығысында, орталығында және таулы аймақтарында түнде және таңертең кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15–20 м/с.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман мен көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15–20 м/с, екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.