Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тұман, көктайғақ, аяз: 21 қаңтарда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Бүгiн, 21:52
167
Бөлісу:
 unsplash.com
Фото: unsplash.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктер 21 қаңтарда бірнеше өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Көкшетауда түнде тұман күтіледі.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Қонаевта түнде және таңертең тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ.

Алматыда түнде және таңертең тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с. Түркістанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Шымкентте түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Атырауда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылордада жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Орал қ.: 21 қаңтарда көктайғақ күтіледі.

Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, Жарма ауданында екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жезқазғанда тұман күтіледі.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 17-22 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 20-22 градус қатты аяз күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі.

Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы