Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бес өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Күндіз Ақтөбе облысының батыс, оңтүстік-батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел облыстың оңтүстік-батысында және орталығында 15-20 м/с екпіні сақталады.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында және таулы аудандарда 15-20 м/с жел соғады, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Шығыс, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Түркістан облысының оңтүстік-батысында, тау бөктерінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Шығыс, оңтүстік-шығыстан солтүстікте, облыстың таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.