Ертең, 27 қараша күні Қазақстанның 14 облысында қолайсыз ауа райы күтілуіне байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша, 27-28 қараша күндері елдің бірқатар аймақтарында тұман, көктайғақ, төменгі боран және екпінді жел күтіледі.
Жетісу облысы – түнде және таңертең таулы аймақтарда тұман түседі. Желдің екпіні 17-22 м/с-қа дейін жетеді.
Атырау облысы – 27 қарашада түнде және таңертең батыс пен оңтүстікте тұман.
Павлодар облысы – жаңбыр мен қар, көктайғақ, төменгі боран күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысының таулы аудандарында тұман.
Маңғыстау облысы – солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде тұман.
Қызылорда облысы – орталықта тұман.
Шығыс Қазақстан облысы – жаңбыр, қар, төменгі боран, көктайғақ. Жел 23 м/с-қа дейін күшейеді.
Абай облысы – күндіз жаңбыр мен қар, төменгі боран, көктайғақ. Жел 25 м/с-қа дейін жетеді.
Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау облыстарында – тұман, кей жерлерде көктайғақ пен төменгі боран.
«Қазгидромет» қолайсыз ауа райында жол қозғалысы кезінде сақ болуды, мүмкін болса, шалғай сапарларды шегере тұруды ескертеді.