Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тұман, боран, көктайғақ: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды

2 Желтоқсан 2025, 22:25
606
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Ертең, 3 желтоқсан күні еліміздің 16 облысында ауа райы күрт нашарлайды. «Қазгидромет» дерегінше, бірқатар аймақтарда тұман, көктайғақ, боран және жел күшейеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Негізгі қауіптер:

Тұман – Астана, Көкшетау, Талдықорған, Алматы, Ұлытау, БҚО, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, ШҚО, Павлодар, Қызылорда, Жамбыл және басқа өңірлерде;

Көктайғақ – Қарағанды, БҚО, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында;

Боран және қар – Ақмола облысында (түнде және күндіз);

Күшті жел – Жамбыл облысының таулы аумақтарында және Алакөл ойысында (15–20 м/с).
Өскеменде ауа сапасының нашарлауына байланысты екінші дәрежелі қолайсыз метеожағдайлар туралы ескерту сақталып отыр.

Синоптиктер тұрғындарға жолда абай болуды және ауа райының өзгерісіне байланысты сақтық шараларын ұстануды ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы