Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тұман, аяз, найзағай: 17 облыста дауылды ескерту жарияланды

16 Қыркүйек 2025, 23:30
364
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

Ертең, 17 қыркүйекте еліміздің 17 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Өрт қаупі: Батыс Қазақстан, Алматы, Атырау, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Жел: Алматы, Жетісу, Түркістан, Жамбыл және Қарағанды облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Тұман: Ұлытау, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстанда түнде 1°С аяз болжанған.

Найзағай: Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар және Ақмола облыстарында найзағай күтіледі. Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағаймен қатар дауыл соғады.

Шаңды дауыл: Қызылорда облысының орталық және оңтүстік аймақтарында шаңды дауыл болжанып отыр.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстанның көптеген өңірінде ауа райы тұрақсыз болады. Мамандар азаматтарға сақтық шараларын қатаң ұстануды ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы