Алматы қаласындағы базарларлар жаңартылады. Қала тұрғыны базарлардың жөндеу жұмыстары келеңсіздік туындыратын айтып шағымданды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Оңтүстік астанадағы барлық базардың иелері заңға сай, жаңартуды қолға алу қажет. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаевтың Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесуінде атап өтті.
Алдағы уақытта «Тұлпар» базарына заманға сай жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сол үшін саудагерлер уақытша басқа жаққа ауыстырылады. Жыл сайын жаңарту жұмыстарын кейінге шегеріп келеміз, енді қолға аламыз. Алматы қаласындағы басқада азық-түлік базарларыда жаңартуды қажет етіп отыр, – деді Ерболат Досаев.
Алмалы ауданының әкімі сәуір айынан бастап «Тұлпар» базарының жұмыстары басталатынын атап өтті.
Өкінішке қарай, сауда орындарын жалға алушылар жаңарту жұмыстарын осымен төртінші рет кейінге қалдырғысы келді. Алайда, осы жолы бастайды, – деді Ержан Сейтенов.